МЕН ТУЫМДЫ МАҚТАН ЕТЕМІН!
Көк тудың желбірегені,
Елімнің асқақ беделі.
Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес маған керегі,
Көк тудың желбірегені!- деп, бесіктегі баладан, қарияға дейін кеудесін тік ұстап, мақтанышпен айтатын шумақ өлеңнің өзі ашық аспан нұрының төккен шұғылалы күннің астында қанатын кере қалықтаған қыран бейнеленген көк тудың тарихы, мемлекетіміздің еркіндігі, егемендігіміздің берік екендігін айқындай түседі. Тұңғыш елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «Мемлекеттік туымыз – Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді», - деп атап көрсеткен болатын. Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты айнасы екені барша қазаққа мәлім. Сонау ғасырларды шарласақ, отын еткен жауынгершілік заманда батырларымыз жауға қарсы тұра білген, Туымызды құлатпаған елміз. Тым тереңдемей-ақ, ақ киізге орап, хан сайлап, таққа отырғызғанда үш жүздің басын қосқан хан Абылай иісі қазақ жұртын өзінің ақ Туының астына жинады емес пе?! Сол ақ Ту хан ордасының айбынын асырса, бөрілі байрақ бабалар рухын көтере білген.
Көк туы көгінде желбіреген, бейбітшілік пен татулықтың, достық пен ынтымақтың мекеніне айналған Мәңгілік Ел болуды нәсіп етсін!
Мен көк Туыммен мақтанамын!