Аз қамтылған жанұяларға қайырымдылық іс-шаралары » №14 мектеп-лицей
Қызылорда облысы
Арал ауданы білім бөлімінің
"Н.К.Крупская атыдағы №14 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7/72433/ 2-40-05
Кеңсе:
+7/72433/ 2-21-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аз қамтылған жанұяларға қайырымдылық іс-шаралары
03
февраль
2020

Аз қамтылған жанұяларға қайырымдылық іс-шаралары

Арал қалалық №14 мектеп-лицейінің 110 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтуге жасалған іс-шара жоспарына сәйкес, мектепішілік «Жас ұлан» ұйымының «Тәттілер» жәрмеңкесін ұйымдастыру бастамасына ата-аналар демеушілік жасады. Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған жәрмеңкенің мақсаты жиналған қаржатты қаладағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға қайырымдылық ретінде жұмсау болатын. Мектеп-лицей тәлімгері А.Жаксылыкова оқушылардың игілікті ісіне бас болып, олар қаладағы тұрмысы төмен отбасылары М.Сәдібеков көшесі №28-үй тұрғыны Такинаның 2 тонна көмір түсіріп, Судоверфь көшесі №14/2 үй тұрғыны Александр Амелькиннің отбасына күнделікті қажетті азық-түлік алып берді. Сонымен қатар, мектеп-лицейде оқитын 1-сынып оқушысына қыстық аяқ киім, жылы жемпір мен тәттілер беріліп, көңілін бір серпілтіп тастады.
 Шәкірттер алдағы уақытта да өздері тәлім алып жатқан сүйікті мектебінің 110 жылдық айтулы мерейтойының өз дәрежесінде, ұрпаққа өнеге боларлық мазмұнда өткізілуіне жан-жақты атсалысуды мақсат тұтып отыр.