Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында еркін форматта кездесу » №14 мектеп-лицей
Қызылорда облысы
Арал ауданы білім бөлімінің
"Н.К.Крупская атыдағы №14 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7/72433/ 2-40-05
Кеңсе:
+7/72433/ 2-21-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында еркін форматта кездесу
03
февраль
2020

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында еркін форматта кездесу

Бүгін мектебімізде Арал аудандық сотының төрағасы Садуақасова Кәмшат Әшімқызының қатысуымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында еркін форматта кездесу өткізілді. Кездесу барысында сот төрағасы отбасындағы тәрбие мен қарым-қатынас, баланың өз қатарластарымен қарым-қатынасы туралы сөз өрбітіп, дәстүрлі құндылықтарымызды сақтау, сыйластық таныту туралы айтып өтті. Іс-шара барысында оқушыларға мағыналы бейнероликтер көрсетіліп, ол туралы көзқарастары тыңдалды. Сонымен қатар, төраға оқушыларды толғандырған сауалдарына жауап берді.