Қайырымдылық
Бірлескен тәрбие мамандарының жоспарына сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға қайырымдылық акциясы болып өтті. Мектеп бойынша ерекше білім беруді қажет ететін 13 оқушының ішінде 5 оқушыға жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен қыстық куртка және етіктер сыйға берілді. Сонымен қатар, мектеп ұжымының демеушілігімен Ахмет Бегімсұлудың көзіне ота жасату үшін 100 000 теңге көлемінде ақшалай қаржы берілді.